Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№15 бөбекжайы» КМҚК
0
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«№15 бөбекжайы» педагогтармен  «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл»  туралы әңгеме өткізілді. Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ  негізгі нормативтік құқықтық акт болып табылады

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары қарастырылды

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

3) жариялылық пен ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.


«№15 бөбекжайы» мектепке дейінгі мекеме педогогтарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру жұмыстарының бөлігі ретінде «Мүдделер қақтығысы және академиялық адалдық» тақырыбында консультация өткізілді. Презентацияда мүдделер қақтығысы ұғымы педагогтар жеке мүддесі (тікелей немесе жанама) олардың кәсіби міндеттерін дұрыс, объективті және бейтарап орындауға әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай ретінде түсіндірілді. Кәсіби этика стандарттарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиешілердің жұмысында туындауы мүмкін ықтимал жағдайлар туралы ақпарат берілді: балаға «ерекше қарау» үшін ата-аналардан қымбат сыйлықтар қабылдау, педагогтардың қаржылық мүддесі бар нақты ақылы платформаларды, оқу құралдарын немесе курстарды насихаттау. Консультация барысында педагогтар өз пікірлерін білдірді, ықтимал тәуекелдерді талдады және мұндай жағдайларды шешу бойынша курстар ұсынды.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер бойынша жұмыс Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 15 бөбекжайы» КМҚК

30 қарашада педагогикалық ұжыммен «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және ол анықталған кезде оны қалай хабарлау керек?» атты дөңгелек үстел ұйымдасырылды. Меңгеруші А.Т. Абишева және комплаенс офицері Е. В. Комендантова сыбайлас жемқорлыққа қарсы сөз сөйледі.

№ Атауы Жұктеу
1 Хабарлама
2 Плакат 5

 

 

№ Атауы Жұктеу
1 2 Жарты-жылдық үшін талдамалық анықтама
2 ЯС 15 4 квартал антикор 29.12.2022ж