29.09.2026 жылы балабақшамызда балалар мен ата-аналарға арналған «Денсаулық әлеміне саяхат» атты спорттық мереке өтті! Бұл күн барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш пен жағымды эмоциялар сыйлады. Балалар мен ата-аналар өздерінің бірлігін, табандылығын, ептілігін, күшін және төзімділігін көрсете білді. Мереке салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Одан кейін қатысушылар көңілді әрі сергітетін таңғы жаттығу жасап, спорттық сайыстарға дайындалды. Келесі кезекте ең қызықты бөлім — көңілді эстафеталар басталды! Балалар ата-аналарымен бірге түрлі сынақтардан қызығушылықпен өтіп, бір-біріне қолдау көрсетіп, жеңіске ұмтылды. Бұл сайыстарда жылдамдық пен күш қана емес, бір команда болып жұмыс істей білу де маңызды болды. Барлық эстафеталар аяқталғаннан кейін қатысушыларды музыкалық үзіліс күтіп тұрды. Балалар мен ата-аналар демалып, көңілді әуенге билеп жатқан кезде, қазылар алқасы жиналған ұпайларды есептеді. Мереке соңында салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті! Балалар мен ересектерге белсенді қатысқаны және спорттық жетістіктері үшін грамоталар мен сыйлықтар табысталды. Барлық ата-аналарға белсенді қатысқандары, қолдау көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандары үшін алғысымызды білдіреміз! Осындай бірлескен іс-шаралар балалар мен ата-аналарды одан әрі жақындастырып, денсаулық, қуаныш және жаңа жеңістер сыйлай берсін!
https://kst-sad15.edugov.kz/densauly-para-shasy.html#sigFreeIda58db46257
«Қарлығаш» тобында «Менің балам тамақты дұрыс ішпейді» тақырыбында ата-аналарға арналған кеңес беру жұмысы өткізілді. Балалардың тәбетінің төмендеу себептері талқыланып, дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру бойынша пайдалы ұсыныстар берілді.
Ата-аналар балаға тамақтану кезінде қолайлы орта қалыптастыру және пайдалы әрі әртүрлі тағамдарға қызығушылығын арттыру жолдарын үйренді.







