Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№15 бөбекжайы» КМҚК
0
Адал азамат

"Адал азамат" бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Родничок" және "Солнышко" топтарында "Қазақстан халықтарының бірлігі күні!", тәрбиеленушілердің Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауын қалыптастыруға, еліміздің халықтарының мәдениетіне достық, толеранттылық пен қызығушылықты тәрбиелеуге бағытталған. Іс-шара барысында балалар ұлттық киімдермен, музыкамен және түрлі халықтардың ойындарымен танысты. Оқушылар биге, ойындарға қуана қатысып, бірлікті, өзара түсіністік пен достық атмосфераны көрсетті.

"Адал азамат "бағдарламасы Айгөлек тобында шығармашылық іс әрекет (сурет, мүсіндеу,)қайшымен ою кия білетін сәттерінен үзінді.

Балалық шақтың аумағы — ойынның сиқырлы әлемі. Ойнай отырып, балалар дүниені таниды.

"Адал азамат" бағдарламасы негізінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы қоғамда әділдік пен бірлікті, еңбексүйгіштік пен жаңашылдықты орнықтыру – басты міндетіміз. "Тамшы" тобы балаларымен атқарылған жұмыс, өз нәтижесін беруде. Балалар ұлттық құндылықтарды танып, патриоттық рухтары қалыптасуда.


Атауы Жүктеу
1 АДАЛ АЗАМАТ


«Солнышко» ортаңғы тобында мектеп жасына дейінгі балалардың бойында адамгершілік, адалдық және айналасындағыларға құрметпен қарау негіздерін қалыптастыруға бағытталған «Адал Азамат» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде. Бағдарламаны іске асыру барысында балаларда адалдық, мейірімділік, әділдік және жауапкершілік туралы бастапқы түсініктер әртүрлі іс-әрекеттер арқылы қалыптасады.Жұмыс келесі бағыттар арқылы жүзеге асырылады:

- ойын әрекеті (дидактикалық ойындар: «Жақсы – жаман», «Адал – адал емес», «Жақсы сөздер», сюжеттік-рөлдік ойындар: «Отбасы», «Дүкен»);

- әңгімелесу («Жақсы деген не, жаман деген не?», «Неліктен шындық айту маңызды?»);

- адамгершілік бағыттағы көркем шығармаларды оқу және талқылау;

- практикалық іс-әрекет (ұжымдық тапсырмалар, ойыншықтарды жинау, кіші жастағы балаларға көмектесу).

Жүргізіліп жатқан жұмыс балалардың жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға, іс-әрекеттерін бағалай білуіне және күнделікті өмірде ізгілік танытуға ұмтылысын дамытуға ықпал етеді.